BasNewsЖаңалықтар
Павлодар облысында әкесі қызын 6 жыл бойы зорлап келген: Педофил 25 жылға сотталды
Павлодар облысында педофил 25 жылға сотталды. Әкесі кішкентай қызын бес жылдан астам уақыт бойы зорлап келген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.
Қыз 10 жаста болған кезден бастап 6 жыл бойы әкесі оған зорлық-зомбылық жасаған, тіпті оған венерологиялық ауру жұқтырған.
Жақында ғана бала жантүршігерлік қылмыс туралы туыстарына барлығын айтып берген.
Белгілі болғандай, айыпталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар оны химиялық кастрация күтіп тұр. Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Қазір павлодарлықты ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешіліп жатыр.



