BasNewsЖаңалықтар

Петропавлдағы көпқабатты үйден 50 адам эвакуацияланды

Петропавлда 9 қабатты тұрғын үйдің төбесінде өрт болды, –  деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көпқабатты үйдің төбесінде битум өртеніп кеткен. Құтқарушылар екі кіреберістен 50 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады.

Өрттің ауданы төрт шаршы метрді құрады. Өрттің алдын ала себебі – өрт жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Өртті сөндіруге қаланың екі өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 21 адам қатысты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button