Жаңалықтар

Шымкент: Спорт түрлері бойынша 29 қала чемпионаттары өткізілді

Шымкент қаласында бүгінге дейін әр түрлі жас ерекшеліктері арасында спорт түрлері бойынша 29 қала чемпионаттары өткізілді. Өткізілген чемпионаттарға барлығы 4350 спортшы қатысты. Қаламызда спорт түрлерінен 29 Қазақстан Республикасының чемпионаттары және 9 республикалық жарыстар өтті. Аталған іс-шараларға Қазақстанның барлық өңірлерінен 13800-ге жуық спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.

Теннистен «ATP SHYMKENT CHALLENGER 80» халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 20 мемлекеттен 60 спортшы қатысты.Сонымен қатар, қала тұрғындары мен әр түрлі сала қызметкерлері арасында 27 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараларға 17300 адам қамтылды.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қаламызда өткен бұқаралық-спорттық іс-шаралар айтар болсақ, ЖАСТАР ЛИГАСЫ (II-маусым)

Жастар лигасы жобасына деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Өткен жылы 140 мектеп қатысқан болса, биылғы біріншілікке спорттың төрт түрінен қаладағы 151 орта мектептен  6 мыңға жуық оқушы қатысты.

Жеңімпаз 4 командаға су жаңа шағын автобустың кілті табысталды.

Шахмат – Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі,

Баскетбол – М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы,

Волейбол – Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беру мектебі,

Футбол – Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы.

Қазіргі уақытта, Шымкент жастар лигасының ІІІ маусымының (2022-2023 ж.ж. оқу маусымы аралығында өткізеледі) ашылу рәсімі өткізіліп, спорт түрлері бойынша жарыстар ойын кестесіне сәйкес өткізілуде.

«Аула чемпионаты»

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, қаламыздағы мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласының төрт ауданында орналасқан спорт алаңшаларында (қалада жалпы- 346 алаңша бар) әр аптаның жексенбі күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылуда.

Аталған спорттық іс-шараға 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен (асық ату, ләңгі тебу, баскетбол добын торға түсіру, футбол қақпасына доп тебу, қыздар арасында скакалкамен секіру, гимнастикалық шеңбер айналдыру) сынға түсуде. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталып, қатысқан барлық балаларға арнайы сыйлықтар берілуде.

Бүгінгі күнге дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында 48 спорт алаңшада «Аула чемпионаттары» өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 3600 ден астам балалар қатысып, 120 ға жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Аула чемпионатын» жыл соңына дейін спорт алаңшаларда (әр ауданда орналасқан 32 алаңшада өткізілетін болады) жыл соңына дейін өткізу жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button