Жаңалықтар

Қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болған медициналық қызметтерді ала алады

Қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болған медициналық қызметтерді ала алады.Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Избасарованың қатысуымен Медициналық көмекті қаржыландыру және МӘМС жүйесін жетілдіру жоспарлары бойынша өткен баспасөз жиынында мәлім болды.

Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 127 604, онын ішінде сақтандырлғандар 899 837 (79,8%), сақтандырылмаған азаматтар 227767(20,2%), оның ішінде жұмысшылар 43 043 (үзілді-кесілді төлеушілер), азаматтық құқықтық келісім шарт бойынша жұмыс жасаған тұлғалар 6 481, жеке кәсіпкерлер тіркелгендер 5 974, бірыңғай жиынтық төлемдерін жүргізген (әрі-қарай БЖТ) 2 925, дербес төлеуші болған 5 193, басқалар 263, соңғы 12 айда МӘМС-ға төлемдер түспеген тұлғалар 163 886. Шымкент қаласы бойынша халық саны 9 айдың ішінде 1 111 620-нан  1 127 604-ке көбейген.

Қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болған медициналық қызметтерді ала алады.

2022 жылдың 8 айында Медициналық сақтандыру қоры консультациялық диагностикалық қызметіне 3 755 765 медициалық қызметіне 7 896 358 944,15 теңгеге қызмет көрсетілген. Жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер 868 операциялар жасалып 1 726 754 681,61 теңгеге қызмет көрсетілген. Медициналық оңалту қызметі 8 айда  253 875 қызмет көрсетіліп 2 143 360 937,16 теңгеге қызметтер көрсетілген.

Саланы одан әрі дамыту үшін Мемлекет Басшысының тапсырмаларын ескере отырып, медициналық көмекті қаржыландырудың жаңа тәсілдері ұсынылады.Медициналық сақтандыру жүйесі медициналық көмекке мемлекеттік және жеке шығындардың жеткіліксіздігіне байланысты денсаулық сақтау саласының қаржылық тәуекелдерін жою үшін енгізілді.

«МӘМС жүйесін енгізу арқылы келесі мақсаттар көзделген: медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемін арттыру, халықтың қалта шығындарын  азайту, халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру, медициналық ұйымдар арасында бәсекелестікті арттыру,  амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесін кеңейту. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген екі жарым жылда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

МӘМС жүйесін енгізгелі жетілдіруге ақша жетпеген медициналық көмек түрлері қосымша қаржыландырылды. Қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың саны артты. Олардың көбі (76%) жеке клиникалар.Ұзақ уақыттан бері алғаш рет медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын жоспарлы түрде арттыру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, дәрігерлердің орташа жалақысы 189 мың теңгеден 415 мыңға дейін, ал орта медициналық персоналдың жалақысы 120 мыңнан 230 мың теңгеге дейін өскен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button