Жаңалықтар

Шымкент: Оқушыларды қосымша біліммен қамту 2025 жылға дейін 100%-ға орындау жоспарланды

Шымкентте оқушыларды қосымша біліммен қамту спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды қосымша біліммен қамту жобасы арқасында үлес бір жылда 49%-дан 76%-ға дейін өсті.

Бұл көрсеткіш 2023 жылы 85%, 2025 жылға дейін 100%-ға орындау жоспарланды.Шымкент қаласындағы 871 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленуші, оқушы мен студенттерді қамтиды (577 мектепке дейінгі білім беруде 77,7 мың тәрбиеленуші, 223 мектепте 245,3 мың оқушы, 38 колледж бен 9 университетте 107,9 мың студент). Шымкент қаласында әрбір үшінші адамның білім жүйесіне қатысы бар.«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында Қазақстан халқына арнаған Жолдауда көтерген «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету» мәселесі бойынша 2-6 жас аралығында қамту – 89%, 3-6 жас – 100% орындалды. 2025 жылға дейін 105 балабақшаны іске қосу арқылы қажеттілікті түпкілікті шешу жоспарланды.Мектеп оқушыларының саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Соңғы бес жылда 106 мыңнан 245 мың оқушыға немесе 2,3 есеге артты. Алдағы 5 жылда 315 мыңға жуық оқушы болады деп жоспарланды. Осыған орай, 2021-2025 жыл аралығында 101 мектеп салу жоспарланған. Соңғы екі жылда 58 мектеп пайдалануға берілді.Сонымен қатар, мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 32 мектеп салу жоспарланып отыр. Соңғыекіжылдажекеинвесторларжанбасынақаржыландыруесебінен 50 мектеп (2021ж-21, 2022ж-29 мектеп) 21 300 орынментолықты. Алдағыуақыттатағы да 25 мектепсалуғаұсыныстарынбілдіруде. Нәтижесінде, үшауысымдабілімберетінмектептермәселесін 2023 жылы, ал, сыныптолымдылығыжоғары (дефицит) мектептермәселесі 2025 жылытолығыменшешілетінболады.2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, бюджеттен 44,6 млрд.тг. қаржы бағытталып, бастауыш сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен, білім ұйымдары оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесі, дабыл батырмасы мен турникеттер және І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен толығымен қамтылды. Ал, материалдық-техникалық базаны жаңарту үлесі 32% – дан 72%-ға дейін артты.

Шымкент қаласында 2022-2023 оқу жылында 1 ауысымда 45 мектепте 13 963 оқушы, 2 ауысымда 173 мектепте 213 762 оқушы, 3 ауысымда 5 мектепте 14 800 оқушы білім алуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button