Шымкент: Жолдауда айтылған денсаулық сақтау саласын дамыту бағытындағы оң жұмыстар

Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмасы төңірегінде өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша брифинг берді.Жолдауда айтылған денсаулық сақтау саласын дамыту бағытындағы оң жұмыстарға тоқталсақ.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына 33 ведомстволық бағынысты ұйымы бар. 12 қалалық емхана, 15 стационар, 6 басқа (диагностикалық орталық, медициналық колледж, қан орталығы, ЖИТС орталығы, ЖМК станциясы, балалар үйі).Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында медициналық қызметтер көрсетуге 129 Денсаулық сақтау субъектісі бар. Оның ішінде Мемлекеттік – 30 (23,3%), жеке – 97(75,2%), ведомстволық – 2 (0,01%).Жеке инвесторлардын есебінен 2022 жылда жаңа 4 медициналық ұйымдар («№14 Емдеу орталығы» ЖШС, «Дария-Медикус» ЖШС, «Sabi Med» ЖШС, «Turlan Medical» ЖШС) ашылып, 50 мың халыққа (Құрсай, Қазығұрт, Бадам – 1, Бадам – 2, Шанырақ, Абдуллабад, Турдабад, Тұрлан мөлтек аудандар) қызмет көрсетуді бастады.
2022 жылға қосымша 5 медициналық ұйымға халықты тіркеу бойынша өңірлік перспективалық жоспарға енгізілді (№6 қалалық емханасынан 3,4 мың халық «ASEM MEDICAL» ЖШС-не, «QAMQOR» ЖШС 8,5 мың халық «Өркенмед» ЖШС-не, №10 қалалық емханасынан 3,4 мың халық «Imperium» ЖШС-не, №2 қалалық ауруханасының 10 мың халық «КАМЕЯ pfarm Group» ЖШС-не, №1 қалалық емханасы мен «№14 емдеу орталығы» ЖШС-нен 5 мың халық «Ер-Ана» ЖШС-не).
Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік сапаны қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырылды.2022 жылға шарттар жасалды (ТМККК және МӘМС) 393 медициналық көмектің жоспарланған көлеміне. Жасалған шарттардың сомасы 96,2 млрд.теңгені құрады, оның ішінде: ТМККК шеңберінде – 54,4 млрд. теңге, МӘМС жүйесінде – 41,7 млрд. теңге, былтырмен салыстырғанда 8 пайызға өсті (2021 ж – 88,7 млрд теңге).Алайда, 2022 жылы денсаулық саласы бойынша қаржыландыру бойынша барлығы – 3,348 млрд. теңге тапшылығы орын алып отыр (Еңбекақының көтерілуіне байланысты, Медициналық көрсетілетін қызметтерді өтеу тарифтерінің жеткіліксіз индекстелуі, Дәрі-дәрмектің және медициналық бұйымдардың, басқа да барлық тауарлар бағасының өсуі).
2022 жылға 87 грант бөлді. Алдағы 3 жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. 2022 жылда 2 938 медицина қызметкері біліктілігін арттырды.



