Жаңалықтар

Қалада 143 мектепте ерекше білім беріліуне қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім берудің транформациясы. Мұнда бала мектептің қажеттіліктеріне емес, мектеп баланың қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Сондықтан ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеусіз және олардың білім алу қажеттіліктерін бағалаусыз инклюзивті білім беру туралы айтуға болмайды.

Шымкент қаласында 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК ) және 6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (бұдан әрі – ППТК) бар. Оның ішінде 2022 жылы 1 ПМПК, 1 ППТК ашылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» ашылды.

Қазіргі уақытта қаланың 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 10162 бала есепте тұр.

Қазіргі уақытта қалада 143 мектепте ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған, техникалық қолжетімділікпен жабдықталған (пандустар, тактильді жолдар, санитарлық бөлмелер және т. б.) (100%)

Қаланың 88 жалпы білім беретін мектебінде 829 бала инклюзивті білім алады, сондай-ақ 7 жалпы білім беретін мектепте 60 арнайы сыныптарда 499 оқушы оқиды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқытудың басқаша түрі қолданылады – үйде оқыту, қашықтан оқыту, арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептердегі түзету сыныптары.

Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді. Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі мектепке емес, ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып,біз инклюзивтік қоғам, яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button