Шымкент: Өсімдіктер карантині саласы бойынша жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 280 гектар, соның 62 543 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер оның ішінде 39 549 гектары егістік жер қоры.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша – инспекция 2022 жылдың 8 айында өсімдіктер карантині саласы бойынша жеке және заңды тұлғаларға келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетілді: Өнімдерін шетелдерге шығару үшін фитосанитариялық сертификат алуға 3063 өтінім түсіп, 2811 сертификаттар рәсімделіп берілді. Өнімдерін облысаралық тасымалдау үшін карантиндік сертификат алуға 906 өтінім түсіп, 836 сертификаттар рәсімделіп берілді. Нәтижесінде, есептік кезеңде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің 150 791 мың тонна, 57 987 дана өнімдері экспорталды (негізгі өнімдер ұн – 97 208 тн, күнбағыс майы – 23 572 тн, күнбағыс күнжарасы – 19 298 тн).
Сондай-ақ, импорт бойынша қала аумағына 5762 мың тонна, 82 036 дана, 218 метр.куб өнімдер келіп түсті (негізгі өнімдер ағаш – 218 м.куб, жемістер – 381 тн, көкөністер – 253 тн).
Карантин саласындағы заң бұзушылықтар бойынша
179 заң бұзушылықтар анықталды. Соның 3 жағдайы импорттау кезінде, облысаралық тасымалдау кезінде 176 жағдай орын алған. Нәтижесінде, 2022 жылдың есептік кезеңіне 179 жағдайда 13 814 130 теңге айыппұл салынды. Өткен 2021 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 153 заң бұзушылықтар анықталған. Соның 25 жағдайы импорттау кезінде, экспортқа шығару кезінде 2 жағдай орын алған. Нәтижесінде, 2021 жылдың есептік кезіңімен салыстырғанда 153 жағдайда 12 572 270 теңге айыппұл салынған. Экспорттау кезінде 150 791 тонна, 57 987 дана азық-түлік өнімдері экспортталып, заң бұзушылықтар орын алмады. Импорттау кезінде 5762 тонна, 82 036 дана, 218 метр.куб азық-түлік өнімдері қала аумағына келген. Межелі орындарында екінші қайтара жете тексеру кезінде 3 жағдайда заң бұзушылық анықталып 245 040 теңге айыппұл салынды. Облыс аралық тасымалдау кезінде 313 472 тонна, 71 739 дана, 472 метр.куб азық-түлік өнімдері қала аумағына келген. Межелі орында екінші қайтара жете тексеруге ұсынбағаны үшін 64 жағдайда 6 707 970 теңге айыппұл салынды. Ірі сауда базарларында 112 жағдайда өнімдерді карантиндік сертификатсыз тасымалданғаны үшін 6 861 120 теңге айыппұл салынды, және 2 жағдайда жеміс және көкөніс өнімдерінің карантиндік жай-күйін тексеру барысында Батыстың гүл трипсі анықталып сот шешімімен 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып 133 кг қырыққабат өнімін көму әдісімен жойылды.
Саяқ шегірткелерге қарсы биыл 1250 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп Ахиллес,к.э 0,1-0,15 л/га улы химикаты қолданылды. 2021 жылы 1255 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп Ахиллес,к.э 0,1-0,2 л/га улы химикаты қолданылды. Карантиндік обьектілерді анықтау мақсатында зиянкестерке 470 га жер және 10 қойманы тексеру жоспарланып нәтижесінде 452 га жер және 10 қоймаға бақылау жұмыстары жүргізіліп 0,03 га жерде шығыстың жеміс жемірі анықталып 5 нұсқама берілді. Өсімдіктер ауруына қарсы 460 га жер жоспарланып нәтижесінде 429,95 га жерге бақылау жұмыстары жүргізілді. Арамшөптерге қарсы 8 330 га жер жоспарланып нәтижесінде 7 441 га жерге бақылау жұмыстары жүргізіліп залалданған 37,89 га алқапқа 15 нұсқама берілді. Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы 26 690 га алқапқа бақылау жұмыстары жүргізіліп 1250 га алқапта саяқ шегірткесімен залалданған алқапқа улы химикат Ахиллес к.э 0,1-0,15 л/га қолданылып жою шаралары жүргізілді.
Карантиндік объектілер бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» 2022 жылдың 8 сәуірдегі № 563 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының 55,83 га жерінде (о.і: арамсояу – 13,58 га, жатаған у кекіре – 42,22 га, шығыстың жеміс жемірі – 0,03 га,) карантиндік режим енгізілді.



