Балалар жылы: Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан сайыс өтеді

27-29 қыркүйек аралығында Алматы қаласы, Балуан Шолақ спорт сарайы орталық стадионында ерекше қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктері бар балалар арасында «Жұлдызай – 2022» ұлттық инклюзивті ойындар өткізіледі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады. Мемлекет басшысы: – Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз ,– деп, бұл жылда істелетін жұмыс нәтижесін құр даңғыра сөзбен емес, нақты іспен көрсету керектігін ескерткен болатын. Сондай-ақ ол өскелең ұрпақтың мәселесіне мән беру арқылы, ұлт тағдыры шешілетінін, ал оларға жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін жеткізген еді.
Балалар жылына орай ұйымдастырылған сайыста оқушылар: голбол, үстел тенисі, асық ату, бестас, мини футбол, жеңіл атлетика т.б. спорт түрлерінен жарысатын болады.
Бұл жарысқа Шымкент қаласы Білім басқармасының мектеп – интернаттары арасынан «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Үміт» мектеп- интернаты «ГОЛБОЛ» спорт түрінен және «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған N1 арнайы мектеп-интернаты» «Кіші футбол, Жеңіл атлетико, Бес тас» ойындарынан 14 оқушы жарысқа түсетін болады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін жарыста 2018 жылы «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Үміт» мектеп – интернатының оқушылары «голбол» жарысында жеңіс тұғырынан көрініп, 1 орынды иеленген. Биылғы жылы да оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көрініп, үміттерімізді ақтайтынына сенімдіміз.
Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан сайыста оқушыларымызға зор денсаулық, қажымас қайраттылық, табандылық пен сәттілік тілейміз! Қанжығаларыңыз майланып, жеңіс тұғырана көтеріліп Шымкент қаласының абыройын асқақтатуларыңызға тілектеспіз.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.



