BasNewsЖаңалықтар

Павлодардағы мектепте оқушы сыныптасына кеңсе пышағымен шабуылдаған

Павлодардағы мектепте пышақ жарақатын алған 13 және 14 жастағы оқушылар ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, оқиға 14 қазанда орын алған. Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген жеткіншектердің бірінің саусақтары, екіншісінің мойны, беті, желке және білегі кесілген. Тексеру мен медициналық көмектен кейін балалар амбулаторлық емге ауыстырылып, үйлеріне шығарылды.

Жедел жәрдем алып кеткен балалар 8-сынып оқушылары болып шықты. Сыныптастарының ата-аналары оқушылардың бірі кеңсе пышағымен екіншісіне шабуыл жасап, кейін өзін жарақаттағанын айтады.

Оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы бұл әзірге түсініктеме берген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button