BasNewsЖаңалықтар

Ресейде әскери полигонда теракт болып, 11 адам көз жұмды

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Белгород облысындағы полигонда лаңкестік әрекет жасалған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

РИА Новости мәлім етуінше, ТМД елдерінің бірінен келген 2 азамат Ресейдің Белгород облысындағы Батыс әскери округінің полигонында теракт жасады.

Оқиға Украинадағы әскери қақтығысқа қатысқысы келген еріктілер дайындалатын атыс жаттығуы кезінде болған. Шабуылдаушылар бөлімшедегі жеке құрамға оқ жаудырған.

Шабуыл кезінде 11 адам қаза тауып, 15 азамат түрлі дәрежедегі жарақаттпен ауруханаға түсті. Оқ атқан 2 адамның сол жерде көзі жойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button