BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 36 адам коронавирус жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері коронавирус жұқтырған науқастар туралы мәлімет жариялады. Демалыс күндері инфекция жұқтырғандар саны азайған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Кейінгі күндері Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. 15 қазанда 36 адам коронавирус жұқтырған.
«16 қазандағы мәлімет бойынша, 980 адам коронавирус инфекциясынан (–848+ және 132 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 873 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр», – делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.



