BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте құрылысшы үстіне бөрене құлап, көз жұмды

Шымкентте 22 жастағы жігіт құрылыс алаңында көз жұмды. Оның үстіне бөрене құлап кеткен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Оқиға 16 қазанда 17:00-18:00 шамасында «Тұран 2» шағынауданындағы құрылыс алаңында болған.

Видеодан салынып жатқан ғимараттың жанында үш адамның тұрғанын көруге болады. Кенеттен биіктен бөрене құлап, 2000 жылы туған жігіттің үстіне түскен.

Марқұмның жақындары тергеудің әділ жүруін талап етті. Олардың сөзінде, құрылыс алаңында қауіпсіздік ережесі сақталмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button