BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

19 қазанда еліміздің бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидрометтің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, күн жаңбырлы болады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 25 м/с жетуі мүмкін.

Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, кей тұста 23 м/с жылдамдықта жел соғады деп күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

19 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын болады: жаңбырдың арты қарға ұласады. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады. Солтүстік-шығыстан түнде облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын болады, күндіз жаңбырдың арты қарға ұласады деп күтіледі. Таулы аймақтарда тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, тау асуларында оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Алматы қаласында 19 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button