BasNewsЖаңалықтар

Үштөбеде жұмысшылар темір жол рельсін асфальттап тастаған

Желіде Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы темір жол рельстерінің үстінен асфальт төселгені туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға бойынша ІІМ тексеру жүргізді. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері оқиға болған жерге барып, бұзушылық дерегін анықтады.

«Жөндеу жұмыстары кезінде теміржол рельстері жабылғаны белгілі болды. Аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген және бұзушылыққа жол берген ұйым жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде теміржол өтпелері қалпына келтірілді», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button