BasNewsЖаңалықтар
Ақмола облысында көліктер тиеген КамАЗ аударылып қалды

Ақмола облысында көлік тасымалдайтын КамАЗ аударылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«6 автокөлікті тасымалдап келе жатқан Mercedes Actros жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, көлік аударылып қалған. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйде болған. Ол апаттан кейін оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек көліктер зақымданды. Материалдық залал нақтыланады», – делінген хабарламада.



