BasNewsЖаңалықтар
Қызылордада университет шатыры желге ұшты

Қызылордада қатты желдің салдарынан университеттің шатыры құлап кетті. Төтенше жағдай видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Basnews.kz.
«24 наурызда түс кезінде Қызылордада қатты желдің салдарынан секундына 20 метрден астам жылдамдықпен жел соғып «Болашақ» университетінің Абай даңғылындағы шатыры ұшып кетті. Қалдықтар 300 шаршы метр алаңға құлаған», – деп хабарлады ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.



