BasNewsЖаңалықтар
СҚО мен Жамбыл облысында бір адамнан коронавирус жұқтырғандар тіркелді

24 наурызда сағат 23:20-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 72 науқас тіркелді», делінген хабарламада.



