Жаңалықтар

Серпінді сенбілік өтті

Сенбіліктің қоғамның назарын аудан көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Бүгін Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының ұжымы сенбілік жұмыстарына белсенді атсалысты. Сенбіліктің мақсаты- қаланың шырайын әрлендірумен қатар үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру.

Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру және жасыл желектерді отырғызу жұмыстарымен қатар қаланың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Қызметкерлер Абай даңғылындағы А. Асқаров көшесінен Ю. Гагарин көшесі аралығында жол бойындағы жасыл аймақты, тротуарларды, ирригация жүйелерін сынған бұтақтардан және қоқыстардан тазартты.

Қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.

Сенбілік – қоғам үшін атқарылатын игілікті іс. Алғаш сенбілік  1919 жылы 12 сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша пайда болып, бүгінгі таңда қала, аудан, ауылдарда өз жалғасын тауып, дәстүрлі шараға айналып үлгерді.  Иә, таза қаланың тынысы да кең болады. Бұл әрине, қалада апта, ай сайын өтіп тұратын сенбілік , тазалық жұмыстарына тікелей байланысты.

Мәдениеттілігімізді көрсететін тазалықтың адамзат баласы үшін орны ерекше. Сөйлеу шеберлігіміз жоғары, киіну, жүріп-тұру қағидаларымыз қалыптастақанымен, қоғамдық жерлерде тазалық сақтау арқылы көпшіліктің бағасына ие болатынымызды да естен шығармаған жөн. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезіну ғана жеткілікті. Сананың тазалығы арқылы қаланың тазалығына үлес қоса алатынымыз анық. Мәселен, санамыздағы «тазалыққа жауапты адамдар бар» деген түсінікті терең ойлап көрейікші. Расында солай. Десе де олардың еңбегін бағалау – бәріміздің ар алдындағы, қоғам алдындағы міндетіміз. Осыдан кейін-ақ тазалыққа тек арнайы мекеме қызметкерлері ғана емес, барлығымыз жауапты екенімізді біле аламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button