Новости

Мектептің оқушыларына «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізілді

Шымкент қаласы Абай ауданындағы №55 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларына Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Сейфаддин Пашаев «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді.

Сабақ барысында тәртіп сақшысы оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы және бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін толық түсіндірді. Балалар сабаққа белсене қатысты.

Айта өтетін ақпарат, жолдағы жүргізушілер мен ата-аналардың қырағылығын арттыру және балалардың көше мен жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын қалыптастыру мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Шапырашты көшесінің қиылысындағы жол айрығының жол таңбалары сызылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы көшелеріне ҚР Жол жүрісі қағидаларының 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 40км/сағ) 4 дана, 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 20 км/сағ) 4 дана жол белгілері орнатылуда. Сондай-ақ, білім мекемелерінің алдына жол белгілері қойылып, оқушылардың қауіпсіздігі жан-жақты қамтамасыз етіліп жатыр. Мәселен, «Сайрам» шағынауданындағы мектеп алдына 1 дана «жасанды жол кедергісі» орнатылды.

Сондай-ақ, бүгінде «Абайлаңыз – балалар!» іс-шарасы аясында оқушылар жол ережесін жетік меңгеруде. Шымкент қаласындағы №132 жалпы білім беретін мектебінің 2022-2023 оқу жылында «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында 1-7 сынып оқушыларына Қаратау АПБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Б.Абдраманов түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аталған іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын-алу болып табылады. Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Айта кетейік, елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді. Мәселен, сәуір айынан бастап «Сергек Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен миллионды қала — Шымкентте 123 964 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button