Денсаулық сақтау министрі: Cәуірдің басында індет өрши түсуі мүмкін
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың өршуінің ең жоғары деңгейі сәуір айының бірінші онкүндігінде байқалуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды BasNews.kz.
Бұл туралы ол Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында берген сұхбатында айтты.
![]()
Сәуірдің алғашқы онкүндігінде індет өршіп, биік шыңына жетеді деп күтіледі. Өкінішке орай, әрқашан бұл бізге байланысты емес, – деді ол.
– Біздің есебіміз бойынша қабылданған шаралар аурудың таралуын шамамен 50 процентке азайтты. Сондықтан, карантиндік шараларды сақтау қажет. Кеше Президент айтқандай, мүмкін бұл шаралар одан әрі де қатайтылуы мүмкін. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Біртанов өз кезегінде халықаралық ұйымдардағы әріптестеріне өз алғысын білдірді.



