Пікірсайыс- пікірлер алаңы

Бугінгі уақыт талабы әр адамның өз көзқарасын, пікірін қорғай білуін, өз ойын дұрыс дәлелдей алуын қажет етеді. Демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі — сөз еркіндігінің өріс айтқысы алуы. “Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы” жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру, Өңірлік мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысы(колледждер) лигасын қолдау, насихаттау, жас пікірсайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №137 жалпы орта білім беретін мектебінде дебат кабинеті ашылды. Арнаулы кабинеттің ашылу салтанатына “Жастар ресурстық орталығының”Абай ауданы бойынша жастармен жұмыс жүргізу бөлімі басшысы Ертаев Көмек Ережепұлы, білім басқармасының қосымша білім беру оқу салалық орталығы директорының у.м.а Ахметбекова Гулнар Сатыбалдықызы, орталықтың бөлім басшысы Сүлейменова Гүлмайра Әлімханқызы, мектеп ата – аналар комитетінің төрағасы Тілешов Бегалы Құралбекұлы, қамқоршылық кеңестің төрайымы Ерназарова Ботагөз Сайфуллинқызы қатысты.
Бүгінгі таңда аталмыш мектепте жұмыс жүргізіп отырған “Ақиқат ұшқыны” дебат клубы мүшелері “БП әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп д.е.”қарары тақырыбында көрсетілім ойынын көрсетті. Өткен оқу жылында пікірсайыс клубы үздіктері аудан, қала деңгейінде жоғары көрсеткіштерге жеткен болатын. 300-ге жуық пікірсайысшылары бар клубтың арнайы кабинетпен жабдықталуы жас өрендердің дебат ойынына деген ұмтылысын арттырды. Жиын соңында мектеп ата – аналар комитетінің төрағасы Тілешов Бегалы Құралбекұлы дебат ойыны- тіл жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы екендігін айта келе, жас пікірсайысшыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, жас пікірсайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында да дебат кабинеті ашылды. Арнаулы кабинеттің ашылу салтанатына Шымкент қалалық маслихатының депутаты, Өңірлік лиганың мүшесі,жастар жанашыры Талғат Балтабаев, Өңірлік лига төрағасының кеңесшісі, басқарманың баспасөз маманы Р. Арғынбай, қосымша білім беру оқу салалық орталығы директорының у.м.а Г.Ахметбекова, бөлім басшысы Г.Сулейменова қатысты.
Бүгінгі таңда аталмыш мектепте “Мұрагер” дебат клубы үш лига бойынша жұмыс жүргізеді. Өткен оқу жылында мектептің «Мұрагер» пікірсайыс клубы қала, республика көлемінде жоғары көрсеткіштерге жеткен болатын. 200-ге жуық пікірсайысшылары бар клубтың арнайы кабинетпен жабдықталуы жас өрендердің дебат ойынына деген ұмтылысын арттырды.Алдағы уақытта мектеп өрендері пікірсайыс әлемінде биік шыңдарды бағындырады деген сенім мол!



