BasNewsЖаңалықтар

Сатыбалдыұлының 230 миллион долларлық эксклюзивті асыл тастары елге қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы ісіне қатысты тергеу туралы айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, тергеу әлі де жалғасып жатыр.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шетелдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзив асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды», – делінген Антикор хабарламасында.

Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу дерегі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button