Израиль Газа секторына зымыран соққыларын жасады
Израиль авиациясы Палестинаның жартылай мойындалған Газа секторының орталық бөлігіндегі жерасты әскери қондырғысына соққы берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Times of Israel сайтына сілтеме беріп.
4 қараша, жұма күні Израиль әскери күштері Жерорта теңізі жағалауындағы Газа секторына соққы берді. Бұл шабуыл ХАМАС содырларының зымыран шабуылдарына жауап ретінде жасалды.
«ХАМАС террористік ұйымының зымырандарды әзірлеу және өндіру орны Газа секторының орталық бөлігіндегі жерасты әскери қондырғысына ұшақтар соққы берді», – деп атап өтті Израиль қорғаныс әскері.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Бұл – 2022 жылдың тамыз айының басынан бергі алғашқы әрекеттер. Осыған дейін Израиль әскери күштері Газа секторындағы «Исламдық жиһад» радикалды қозғалысына қарсы «Таң» операциясын жүргізді. Әуе шабуылдары кезінде Газадағы «Исламдық жиһад» әскери қанатының солтүстік округінің жетекшісі Тайсир Джабари және тағы бірнеше содыр мерт болды. Бұған жауап ретінде Ислам жиһадының басшысы Зияд әл-Нахала Израильді Тель-Авивке зымыран соққыларын жасады. Одан соң Израиль мен Палестина Египеттің делдалдығымен бітімге келген еді.



