BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында 5 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, біреуі көз жұмды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының көпсалалы ауруханасына түрлі жарақаттары бар 5 адам түсті. Оның біреуі көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында 6 қараша түнгі бірлер шамасында болды.

Полицияға түрлі жарақаты бар 5 адам ауруханаға түскені туралы ақпарат келген. Олардың біреуі алған жарақатынан көз жұмды.

Бұл дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергелуде.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушысы мен себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Өңірде жағдай тұрақты», – деп атап өтті полицейлер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button