BasNewsЖаңалықтар

Вирус жұқтырған шымкенттікпен автобуста бірге отырған 16 жолаушы іздестіріліп жатыр

Коронавирус жұқтырған шымкенттікпен бір автобуста болған 16 жолаушы іздестірілуде. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Коронавируспен ауырған адам болған автобус анықталды. 51 жолаушының 35-і табылды. Олар карантинге жатқызылды. 16-сы қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр. Таяу уақытта табылып, карантинге жатқызылады», -деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Шымкентте бір адамның коронавирусқа шалдыққанын хабарлаған едік.

Кейіннен ол азаматтың коронавирусты анасына да жұқтырғаны белгілі болды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button