BasNewsЖаңалықтар

Каспий жағалауында 101 итбалықтың өлексесі табылды

Форт-Шевченко қаласы мен Баутино ауылының аралығында 101 итбалықтың өлексесі табылды. Қазір мамандар жануарлардың қырылуына не себеп болғанын анықтап жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

 

Итбалықтардың жаппай қырылуы туралы ақпарат Каспий итбалығын зерттеу  және оңалту орталығына 7 қарашада келіп түскен.

«Қазір жағалауды зерттеу жалғасып жатыр. Облыс әкімдігі мен Экология министрлігі балық шаруашылығы комитеті өлекселерді жинау үшін қызметкерлер мен көлік бөлді. 8 қарашадағы жағдай бойынша 101 өлі итбалық табылды. Олар бір-бірінен алыс, әр түрлі жерде жатқан. Қазір тіндері зертханалық зерттеуге жарау-жарамауы анықталуда», – деді Каспий итбалығын зерттеу  және оңалту орталығының директоры Әділхан Товасаров.

Орталық пен балық шаруашылығының қызметкерлері бірге Каспий теңізінің өзге де аймақтарын зерттеп жатыр. Зертханалық зерттеу жүргізу үшін итбалықтар табылған аймақтағы су мен топырақ сынамасы алынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button