BasNewsЖаңалықтар
Атырау облысында жасөспірімдер мінген көлік аударылып,14 жастағы жүргізуші көз жұмды
Атырау облысындағы жол апатында жасөспірім жүргізуші қаза тапты. Апат Жасталап ауылының ауданында болған. Toyota Corolla жолдан шығып, аударылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Шетелдік көлікті 2008 жылы туған жасөспірім басқарған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Сотқа дейінгі тергеу басталды, тексеріс жүргізілуде. Белгілі болғандай, жасөспірім ата – анасының рұқсатынсыз көлік жүргізген»,-деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2007 жылы туған төрт жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.