Ақтауда атыс болды: зардап шеккендер бар
Ақтауда жергілікті кафеде болған атысты ұйымдастырды деген күдікпен 6 адам ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілді. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды.
“Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде, Ақтау қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні анықтап ұстады”, –делінген Polisia.kz хабарламасында.
Осы оқиғаға қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.