BasNewsЖаңалықтар

Словенияда бірінші рет әйел президент болып сайланды

23 қазан мен 13 қараша аралығында Словения президентін сайлау өтті. Екі тур дегенде біткен бәсекеде ешқандай партияға мүше емес адвокат Наташа Пирц Мусар жеңіп шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz Euronews-ті сілтей отырып.

Пирц Мусарға сайлауға барғандардың 54%-ы, ал оның қарсыласы, СІМ-нің бұрынғы басшысы Анже Логара 46%-ы берген. Сайлауға дауыс беру құқығы бар жұрттың 44,08%-ы қатысқан.

Жаңа президент ендігі қызметіне 23 желтоқсанда кіріспек.

54 жастағы Пирц Мусар – Словенияның бірінші әйел президенті. Ол елдің басқару формасы – парламенттік мемлекет, яғни биліктің басым бөлігі депутаттардың қолында.

Словенияның жаңа басшысы бұрын журналист, БАҚ еркіндігі саласындағы омбудсмен болған. Адвокат болғанда көбінде жеке өмір қауіпсіздігі мен ақпаратқа емін-еркін қол жеткізу істерін қараған.

Back to top button