BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда киім-кешек бір жылда 15%-ға қымбаттады

ҚР-да киім-кешек бағасы бір жыл ішінде шамамен 15%-ға өсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі EnergyProm.kz сайтына сілтеме беріп.

Биыл қазан айының қорытындысы бойынша ҚР-да киім бір жылда 14,6%-ға қымбаттаған.

Ең көп өсім елордада байқалды. Бір жылда баға бірден 25%-ға өскен. Одан соң Қызылорда (19,8%-ға) және Ақмола (19%-ға) облыстарында болды. Ең төменгі жылдық өсім Ақтөбе облысында тіркелді. Мұнда баға 9,7%-ға артты.

Ерлер киімі – 14%-ға, әйелдер киімі – 14,1%-ға және балалар киімі 17,2%-ға қымбаттады.

Биыл ҚР-да киім өндірісі 43,1 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға артық.

Өндірістің ең көп көлемі Шымкентте тіркелді: 7,4 млрд теңге.  Бір жылда 44% өсім байқалды. Одан соң Алматы қаласы (6,9 млрд теңге,15,2% өсім) және Алматы облысы (4,2 млрд теңге, 48,6%-ға аз).

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында ҚР-да трикотаж және тоқыма киімдерінің импорты 888,9 млн.долларға жетті.

ТМД елдерінен Қазақстанға 16,9 мың тонна киім әкелінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9%-ға аз. Қазақстан үшін негізгі жеткізуші – Өзбекстан. 10,2 мың тонна өнім келді, бұл өткен жылдан 5,4%-ға аз.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден Қазақстан 54,1 мың тонна киім импорттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,8%-ға артық. ҚР үшін негізгі жеткізушілер – Қытай мен Түркия. Тиісінше 39,3 мың және 12 мың тонна өнім әкелінді.

Back to top button