BasNewsЖаңалықтар

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 16-18 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы және температураның төмендеуі күтілуде.

Республика бойынша жел 15-23 м/с күшейеді, көктайғақ, тұман күтіледі.

Солтүстікте, шығыста, орталықта – боран соғады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде ауа температурасының төмендеуі -8…-22°С аяз болады деп күтілуде.«Қазгидромет» РМК

Аптаның соңына қарай Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстікте қар түрінде, республиканың оңтүстігі мен батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде солтүстікте, шығыста, орталықта -8…-22°С аязға дейін төмендейді.

Back to top button