Петропавлда әжей полициядан 3 айлық немересін алып кетуді өтінді
Петропавлда әжей 3 айлық немересін алып кетуді өтініп полицияға жүгінді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
15 қарашада Петропавл қалалық ІІБ Ювеналды полиция бөліміне қорғаншылық бөлімінен 39 жастағы әйелдің 3 айлық немересінің тағдырын шешуге көмек сұрағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оның айтуынша, қазан айының соңында баланың 18 жастағы анасы басқа қалаға жұмысқа кетіп, қайтып оралмаған. 39 жастағы әже мемлекеттік органдардан баланы өзінен алып кетуді сұрайды.
Аталған мекенжайға барған ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері акт жасап, баланы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызды.
Қазір полицейлер баланың анасының қайда екенін анықтап жатыр. Ал анаға қатысты ата-аналық міндеттерін орындамау мәселесі бойынша комиссия қарауымен әкімшілік шара қолданылатын болады.