BasNewsЖаңалықтар
Елімізде 23 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер Қазақстанның 19-21 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын. Солтүстікте қар, республиканың қалған бөлігінде жаңбыр мен қар болады.
20 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын түседі деп болжанды.
Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман болады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта бұрқасын болмақ.
Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста және солтүстікте -15…-23°С, шығыста -12…-20°С дейін төмендейді деп болжанды.