BasNewsЖаңалықтар
Қызмет барысында зардап шеккен астаналық өртсөндірушінің отбасына пәтер берілді
Астанада тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде зардап шеккен өртсөндірушілердің отбасына баспана бойынша көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Өртсөндіруші Аян Кемпіровтің отбасына ипотекалық несиені төлеуге көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтердің отбасына жалпы сомасы 6 миллион теңге несиені төлеуге көмек көрсетілді».
Әкімдік өртсөндірушілер ерлік көрсетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалғанын атап өтті.Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр, екінші науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.