BasNewsЖаңалықтар

Қарағандыда ер адам карантинде жатқан бұрынғы әйеліне терезе арқылы жасырынып кірмек болған

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде адамдардың карантин аумағына кіріп кету жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Төтенше жағдай кезінде адамдар карантин аумағына кіріп кетуге тырысып жатыр. Соңғы тәулікте төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша 137 адам жауапқа тартылды, 89-ы қамалды. Олардың бәрі де өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін мойындады», – деді министр онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Дәурен Абаев кей жағдайда тіпті ақылға сыймайтын жайттар тіркелгенін де жеткізді.

«Қарағандыда өзінің бұрынғы әйелінің палатасына терезе арқылы кірмек болған ер адам 10 тәулікке қамалды. Әйелі карантинде жатқан. Ол Германиядан келген. «Неліктен?» деген сұрақ туындайды», – дейді ол.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button