Пікір
Сайлау сәтті өтті
Күні кеше еліміз үшін тарихи оқиға орын алып, Президент сайлауы өтті. Саяси науқанға халық қызу дайындықпен қатысты. Әрқайсы ҚР азаматы ретінде белсенділіктерін көрсетіп, таңмен таласа дауыс беруге асықты. Сайлау өз мәресіне жетті. Нәтижесі көпшілік күткендей болды. Енді оның қорытындысы бойынша билік пен халық болып үлкен істерді, ауқымды жобаларды жүзеге асыруымыз керек.
Сәтті өткен сайлау нәтижесі арқылы елдің саяси белсенділігі артып, қоғамда тың серпілістер сезілетіні анық. Себебі біз халық болып, өзіміз қалаған басшысын сайлап алдық. Елдің тұтастығы мен бірлігін сақтап, алдымызда қуатты Қазақстанның жарқын болашағы күтіп тұр. Сайлауға белсенділік танытқан әр азамат өз Отанын, тәуелсіз Қазақстанын мақтаныш тұтатыны анық. Біз Жаңа Президентімізбен біргеміз!