BasNewsЖаңалықтар

Доллар жаңа аптада бірден 4 теңгеге нығайды

21 қарашадағы Қазақстан қор биржасындағы сауданың нәтижесінде доллар бағамы 463,55 теңге болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жұмадан бері доллар 4,05 теңгеге қымбаттаса, бір айда 9,08 теңгеге арзандады.

Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 463-463,5 теңгеден сатып алынып, 466-467 теңгеден сатылып жатыр.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 86,9 долларды құрайды.

Back to top button