ӨЗГЕРІСТЕР ТОЛҚЫНЫ ӨМІРШЕҢ БОЛСЫН
Бұл — Жаңарған Қазақстанға бағыт ұстанған еліміздің алғашқы сайлауы. Сондықтан оның жөні бөлек, жосығы ерек болды деп нық сеніммен айта аламын. Өйткені, қоғамымызда өзгерістер толқыны әлдеқашан бастау алды.
Сол себепті еліміздегі реформаларды баянды ету үшін осындай батыл қадамдарға бару қажет. Осындай ұлы мақсат жолында елдің көшін бастайтын Мемлекет басшысына қарап бой түзеуге тиіспіз. Кезектен тыс Президент сайлауында жеңіске жеткен үміткер 7 жылға ғана бір рет сайланады. Мұның ерекшелігі де осында.
Билік буынында да жақсы жаңалықтар орын алуда. Билік қарапайым азаматтардың әлеуметттік, тұрмыстық жағдайына баса назар аударып, мұң-мұқтажы мен шешімін күткен мәселелеріне сергек қарай бастады. Мен сондықтан сайлау учаскесіне барып, таңдауымды жасадық. Әділетті Қазақстан үшін дауыс бердім. Әрине, сайлауға бару-бармау әрбір азаматтың өз ісі дегенімізбен, екінші жағынан ойлап қарасақ, өз позициясын өзгелерге беріп қоюы деп түсінемін. Конституциялық құқықты тиімді пайдалануға тиіспіз. Бұл әркімге зор жауапкершілік жүктеуі тиіс.
Медицина саласы қызметкерлерінің 99 пайызы белсенділік танытып, бұл сайлауға бір кісідей қатысқанын мақтанышпен айтып өткенін айтып өткім келеді.