Пікір
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ҚР кезектен тыс Президент сайлауының exit-poll қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 82,45 % дауыс жинады. Бұл жеңіс – бүкіл халықтың жеңісі деп ойлаймын.
Кешегі Президент сайлауында халықтың қатысу белсенділігі өте жоғары екеніне куә болдық. Қала тұрғындары азаматтық жауапкершілік танытып, өз таңдауларын Әділетті және Қуатты Қазақстан үшін дауыс беріп, дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын.
Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын жетік түсіндіріп, белсенділік танытқан партияластарға, штаб мүшелеріне, еріктілерге алғысымды білдіргім келеді. Бұл біздің ортақ жеңісіміз!
Ендігі мақсат көп болып жұмылсақ Әділетті, Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!