Пікір

ДАМУ ЖОЛЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау алдағы жылдардағы еліміздің даму жолын айқындайтын маңызды белес болғандықтан, арыстық сайлаушылар оған бейжай қараған жоқ. Учаскелер ашылғаннан бастап халық белсенділігі байқалды. Үлкен де, кіші де өз таңдауын жасауға асықты. Әсіресе, аға буын таңнан тұрып, дауыс беру дәстүрінен айнымаған.

Қарттарымыздың белсенділігінен орта буын да, өскелең ұрпақ та үлгі алуға тұрарлық деп ойлаймын. Бүгінгі күннің аса маңызды екенін ұғынған сырбойылық сайлаушылар өте жақсы көрсеткіш көрсетті.

Жер-жерден келіп жатқан хабарларға қарағанда, сайлау учаскелеріндегі көңіл-күй көтеріңкі, өйткені халық ертеңін бүгінгі күнмен байланыстырады.

Өз даусының маңызды екеніне сенеді. Сондықтан сайлауға бір қолдың саласындай бірлікте қатысты. Бұл Арыс елі жұртшылығының елдік істерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алатынын көрсетті.

20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудың саяси маңызы туралы оған дейін айтылды. Кандидаттардың бағдарламасымен халық жіті танысты. Шешуші күні халықтың учаскелерге келіп дауыс беруі — сайлаудың басты көрсеткіші.

Бұл— жұртшылықтың ертеңге деген сенімінің, тарихи таңдау жасауға деген жауапкершілігінің көрсеткіші.

Back to top button