BasNewsЖаңалықтар

НАТО елдерді Ресейді террористік мемлекет деп тануға үндеді

НАТО парламент ассамблеясы Ресей билігін террористік деп тануға үндеген резолюция шығарды. Бұл шешімді ассамблеяға мүше депутаттар бірауыздан қабылдаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі “Азаттық радиосына” сілтеме жасап.

Құжатта Ресей агрессиясына қатысты Халықаралық трибунал құру қажет екені де айтылған.

“Ресей жетекшілерінің қазір істеп отырғаны, инфрақұрылым мен бейбіт халыққа бомба жаудыруы – нағыз терроризм. Біз әрекет етуіміз керек, оларды халықаралық трибуналда террористерді соттағандай соттауымыз керек”, – дейді НАТО парламент ассамблеясының жаңадан сайланған басшысы Жоел Гарьо Майлям.

Десе де, НАТО-ға мүше АҚШ мұндай қадамға бара алмайтынын, Ресейді террористік деп таныса ол елмен бар қарым-қатынасын үзуге мәжбүр болатынын айтты.

Осындай тектес резолюцияны бұрын басқа ұйымдар мен мемлекеттер қабылдады: ПАСЕ, Эстония, Латвия, Польша мен Чехия парламенттері.

Back to top button