Пікір

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫ МЕН РЕФОРМАЛАРЫН ҚОЛДАЙМЫН

Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасады. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бердім. Қазақстандықтардың басым бөлігі де қазіргі Президентті қолдағанына қуаныштымын.

Халықаралық байқаушылар сайлауға өз бағасын беріп, оның ашықтығы мен әділдігін, Қазақстан заңдары мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін атап өтті. Осы орайда, Түркістан облысындағы сайлаушылардың да белсенділігі жоғары болды.

Президент сайлауы – қашанда ел болашағының, біздің қалай өмір сүретініміздің, балаларымыздың қалай өмір сүретінінің таңдауы. Тәуелсіздік пен демократияның арқасында таңдау құқығымыз бар.

Біз жүріп өткен салиқалы жолдан айнымай, бірлігімізді танытып, болашаққа сеніммен қарауымыз керек, алдымызға жаңа міндеттер қоюымыз керек. Бұл ретте, Қазақстан азаматтары Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенеді. Біз Президент жүргізіп жатқан реформалардың сәтті жүзеге асуына қолдау танытуымыз керек.

Back to top button