Түркістан облысы

ТОҚАЕВТЫҢ ЖЕҢІСІ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІСІ

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жеңісі – бүкіл Қазақ елінің бірлік, әділдік және қуатты мемлекет құру жолындағы жеңісі деп санаймын.

Президент айтқандай, мықты мемлекет құрамыз десек, ең алдымен, әділдік орнату қажет, онсыз ешқандай да реформа болмайды, бәріміз бір ұлт, бір қоғам болып іске кірісуіміз қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым халқымен бірге! Ол тәуелсіздікті табандылықпен, соңына дейін қорғай алатынын талай мәрте дәлелдеді! Туымызды жықпады! Рухымызды көтерді!

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзіне үлкен сенім артқан сайлаушылардың 81,31% даусын жинады. Бұл – Қазақ елі үшін үлкен жеңіс. Жеңісіміз құтты болсын ағайын! Халықтың сенімін ақтау үшін бәріміз Президент жүргізетін барлық реформаларды қолдап, атсалысуымыз қажет.

Back to top button