BasNewsЖаңалықтар
Түркияда жер сілкінісі болып, 35 адам зардап шекті
Түркияда 6 балдық жер сілкінісі болып, ондаған адам зардап шекті. Эпицентрі Дюздже қаласынан 14 шақырым жерде орналасқан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа жер сілкінісі салдарынан 35 адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Көз жұмғандар жоқ.
Жер сілкінісі Анкара мен Ыстанбұлда, сондай-ақ елдің бірнеше қаласында қатты сезілген. Дегенмен Анкара эпицентрден 240 шақырым, Ыстамбұл 228 шақырым жерде орналасқан.
«Қолда бар ақпаратқа сәйкес зардап шеккендер саны 35-ке жетті. Олардың 32-сі Дюздже қаласында, Ыстамбұл, Болу мен Зонгулдакта 1 адамнан зардап шеккен», – деп жазды Фахреттин Коджа.