ПікірТүркістан облысы

ХАЛЫҚ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ, САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТТІ

20-қараша күні елімізде Президент сайлауы өтті. Осы саяси науқанға халқымыз бір кісідей ат салысып қатысты.

Таңертең сағат 7:00 ден бастап сайлау учаскелеріне келіп, азаматтарымыз өз таңдауын жасады. Сайлаушылар нәтижесі бойынша халқымыз өз Президентін сайлап алды. Қазақстан халқының тұрмыс жағдайы жақсарады деп білемін. Сайлауға қатысқан әр азамат өз Отанын, тәуелсіз Қазақстанын мақтаныш тұтады. Болашағымыз жастарда, жастарымызға көп көңіл бөліп, болашақта әлемдік деңгейде алдыңғы қатарда тұруына жұмыс жасауымыз қажет.

Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі аппаратының Әлеуметтік мәселелер бойынша бас маман Түлендиева Сәрсенкүл Жанұзаққызы

Back to top button