BasNewsЖаңалықтар

Астанада қар тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шықты

Астанада қар тазалауға 2,5 мыңға жуық жұмысшы шықты. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, елордада коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

«Осы уақыт ішінде қаладан 200 мың текше метр қар шығарылды. 25 қарашада таңертең қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшылары мен мыңнан аса арнайы техника шықты. 24-25 қарашаға қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылды, бұл 500-ге жуық рейс», – делінген хабарламада.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 15 мыңнан астам ауыр жүк көлігі көлеміне тең.

Back to top button