BasNewsЖаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру дерегі тағы төмендегені байқалды. Бір тәулікте, яғни 27 қарашада індетті жұқтырған 84 жаңа адам тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

28 қарашадағы мәлімет бойынша, 1007 адам коронавирус инфекциясынан (858 КВИ+ және 149 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

6 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Back to top button