Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін аяз болады
Қазгидромет 29, 30 қараша мен 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, 29-30 қарашада еліміздің шығыс аймақтары солтүстік антициклонның салқын сілкінісінің ықпалында болғандықтан, қатты аяз болады. Қазақстанның қалған аумағында үсік түседі деп күтіледі.
30 қараша мен 1 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның түсуінен жауын-шашын болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, қатты аяз күтіледі. Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейіп, тұман, көктайғақ болса, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын болады.
«Ауа температурасы түнде республиканың батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік облыстарда 15-25 градус аяз, орталықта 15-25 градус жылы. Республиканың шығысында 33-43 градус аяз, кезеңнің соңында 20-30 аязға дейін көтеріледі, оңтүстігінде -7 градус аяз, оңтүстік-шығыста -5-15 аяздан -0-8 аязға дейін күшейеді», – делінген хабарламада.