Шымкент: ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру және азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасу тәртібі мен оқу орны туралы

Ақпараттық Коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы ТЖД, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Нұржан Қаракөзев пен Шымкент қаласы ТЖД, Кадр саясаты басқармасының бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Бекзат Қамбаров БАҚ өкілдеріне берген брифинг берді. Спикердің сөзінше, 2022 жылғы 8-12 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру үшін қабылдау жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің үш әскери бөлімдері бар – 28237 ә/б (Алматы облысы Ұзынағаш қ.), 52859 ә/б (Қарағанды қ.) және 68303 ә/б (Абай облысы Семей қ.). Ағымдағы жылдың мамыр айында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері әскерге шақырылушылармен жұмыс жасап, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 (Алматы облысы Ұзынағаш қ.) әскери бөліміне мерзімді әскери қызмет өткеру үшін 40 жас сарбаз қабылданды. Келесі шақырылым 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.
Мерзімді қызмет өткерген сарбаздар мен сержанттарға азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Әскери қызметті жалғастырғысы келетіндер үшін келісімшарт бойынша ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінде қызметте қалуға мүмкіндік бар. Мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлықта тәртіпті және жоғары нәтижелерге қол жеткізген жекелеген, неғұрлым лайықты әскери қызметшілерге ЖОО гранты есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі берілетін болады. Республика аумағында төтенше жағдайлар саласы мамандарын дайындайтын жалғыз оқу орны – бұл Көкшетау қаласында орналаласқан Мәлік Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғау академиясы. Мамандықтар Өрт қауіпсіздігі», Төтенше жағдайларда қорғау», «Өрт сөндіру және апаттан-құтқару ісі», «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық күштері». Академияға күндізгі оқу нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, кешенді ұлттық біріңғай тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін жинақтаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Бейіндік пәндер «математика» және «физика» болып табылады.



